Алматылықтар 9 қабатты үйдің қисайғанын айтып, дабыл қағуда

0
968

Тұрғындар 8 желтоқсанда үйдің қисая бастағанын байқағанын


Алматылықтар 9 қабатты үйдің қисайғанын айтып, дабыл қағуда

ERNUR.KZ. Алматыдағы «Зерделi» шағын ауданының тұрғындары тұрғын үйдің қисайғанына алаңдаулы, деп хабарлайды ktk.kz.

Осы үйдің тұрғыны Данияр Мұхаметов 8 желтоқсанда үйдің қисая бастағанын байқағанын айтады.

«10 желтоқсан сағат 21.10-да ТЖД кезекші бөліміне Алатау ауданының тұрғындары шұғыл хабарласқан. «Зерделі» шағын ауданында орналасқан № 1/179 үй, 6-пәтердің иесі үйдің қисайып тұрғанын баяндаған. Осыған байланысты мемлекеттік органдардан арнайы жұмыс тобы құрылды. Тұрғындардың пікірінше, үйдің сыртынан қарағанда қисайғаны байқалады. Қазір мамандар бұл ақпаратты тексеріп жатыр», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.