Алматылықтар қоғамдық денсаулық басқармасына енді WhatsApp-та жаза алады

0
671

Нөмірге Алматы аумағындағы бас санитар дәрігердің нұсқамаларын бұзу деректері туралы фото мен видео жіберуге болады.


Алматылықтар қоғамдық денсаулық басқармасына енді WhatsApp-та жаза алады

ERNUR.KZ. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасына енді WhatsApp арқылы жазуға болады, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы басқармасының жаңа басшысы Қамалжан Надыров айтты.


"Халық үшін тағы бір ыңғайлы байланыс арнасы құрылды, +7 777 8888 103 нөміріне WhatsApp арқылы хабарлама жіберу арқылы дәрігерге жүгіне аласыз. Енді әрбір Алматы қонағы немесе тұрғыны қаланың денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды жақсарту үшін шағым немесе ұсыныстарын жаза алады. Барлық хабарлама қаралып, назарға алынады", - деді ол.


Надыровтың айтуынша, бұл нөмірге Алматы аумағындағы бас санитар дәрігердің нұсқамаларын бұзу деректері туралы фото мен видео жіберуге болады.