Алматылықтар жер сілкінісі кезінде супермаркеттерді паналады

0
380

Жер асты дүмпулерінен кейін кейбір алматылықтар дүкендерде қалуды ұйғарды.


Алматылықтар жер сілкінісі кезінде супермаркеттерді паналады

ERNUR.KZ. Алматылықтар жер сілкінісі кезінде супермаркеттерді паналады, деп жазады tengrinews.kz.

Жер асты дүмпулерінен кейін кейбір алматылықтар дүкендерде қалуды ұйғарды. Magnum супермаркеттер желісі мәліметінше, адамдар үшін орындықтар қойылып, шай дайындалған. Дәліздерде сулар қойылып, сөрелер орнатылды, онда паналаған қала тұрғындарына ыстық шай таратылды. Қарт адамдар сонда қойылған орындықтарда демалды.


Айта кетейік, Алматыдағы супермаркеттердің біріндегі бейнебақылау камералары жер сілкінісі сәтін жазып алған.