Алматыны әлі екі жыл басқарғым келеді – Досаев

0
553

Досаевтың сөзінше, қазіргі жұмысына ғана назар аударғысы келеді.


Алматыны әлі екі жыл басқарғым келеді – Досаев

ERNUR.KZ. Досаев Алматыны қанша жыл басқарғысы келетінін айтты, деп жазады stan.kz.

Досаевтың сөзінше, қазіргі жұмысына ғана назар аударғысы келеді.

"Маған осы жұмыс ұнайды. Өте креативті және өз қаламды дамытуға байланысты жұмысымды жалғастыра беруді қалар едім. Әзірге алдағы екі жылымды қаланың дамуына арнағым келеді", - деді Досаев.

Сондай-ақ ол журналистердің келесі премьер-министр болуыңыз мүмкін бе деген сауалына жауап берді.

"Тағайындау немесе тағайындамауға қатысты мәселе сарапшылардың да, менің құзырыма да кірмейді. Мен ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Үкімет те, әкімдік де өз деңгейінде жұмыстарын атқарып жатыр", - деді әкім.