Алматының бас полицейі тағайындалды

0
757

Жаңа бастықты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.


Алматының бас полицейі тағайындалды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының полиция департаменті басшысы қызметіне полковник Қанат Таймерденов тағайындалды. Ол бұрындары Маңғыстау облыстық ПД басшысы болған, деп жазады tengrinews.kz.

Қалалық полиция департаментінің ұжымына жаңа бастықты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Қанат Таймерденов 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары заңгерлік білімі бар. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы ІІБ ҚҚБ 2 - бөлімшесінің жедел уәкілі болып бастады.

Әр жылдары Алматы облысы ішкі істер департаменті Жетісу аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, Алматы облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.

Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.