Алматының бас санитар дәрігері коронавирус бойынша жағдайды айтты

0
538

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған бір ғана адам тіркелген.


Алматының  бас санитар дәрігері коронавирус бойынша жағдайды айтты

ERNUR.KZ. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирусқа қатысты жағдайды "тұрақты" деп бағалады, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған бір ғана адам тіркелді, тәуліктік өсім 0,006 пайыз болды, одан әрі таралу коэффициенті бір пайыздан аз болды. Бұл ретте ауруханаларда төсектердің тек бес пайызы ғана жұмыс істейді. Бұл шектеу шараларымен қол жеткізілген нәтижелер", - деді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, өткен тәулікте (4 қазандағы мәлімет бойынша) Қазақстанда коронавирустың 59 жаңа жағдайы тіркелді.