Алматының бас шыршасы қашан жанатыны анықталды

0
570

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясы барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлімдеді.


Алматының бас шыршасы қашан жанатыны анықталды

ERNUR.KZ. Алматыда ұзындығы 20 метр болатын жаңа жылдың басты шыршасы Абай атындағы алаңда орнатылады, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясы барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлімдеді.

Жаңа жылда қалада 60-тан астам шырша орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі тақырыптық іс-шаралар өтеді. Жаңа жылдық қысқы фестиваль, түрлі шеберлік сыныптары, жас суретшілердің сурет көрмелері, аниматорлар бағдарламалары ұсынылмақ. Алматыда ұзындығы 20 метр болатын жаңа жылдың басты шыршасы Абай атындағы алаңда орнатылады. Шырша салтанатты түрде 20 желтоқсанда жағылып, мерекелік концерт 20 желтоқсанда өтеді, – дейді қала әкімнің орынбасары.

Арман Қырықбаев жаңа жылдық безендіру кезінде пайдалануға жарамды өткен жылғыдан қалған конструкцияларды пайдалану жоспарланғанын атап өтті.

Ал жаппай сырғанау үшін қалада 22 ашық мұз айдыны ұйымдастырылады. Ашық мұз айдындарының аумағында спорттық-ойын-сауық бағдарламаларын, конкурстарды, флешмобтарды, жүлделермен ұтыс ойындарын, демалыс аймақтары мен кофе-пойнттарды ұйымдастыру жоспарланған, – дейді Арман Қырықбаев.