Алматының бірнеше ауданында ғимараттар биіктігі шектеледі

0
736

Мәслихат шешімінің жобасы қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.


Алматының бірнеше ауданында ғимараттар биіктігі шектеледі

ERNUR.KZ. Алматының бірнеше ауданында көпқабатты үй салуға тыйым салынады, деп жазады orda.kz

Мәслихат шешімінің жобасы қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.

«Абай даңғылының оңтүстігінде, әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Яссауи көшесінің шығысында, Шығыс айналма жолының (ВОАД) батысында орналасқан тұрғын үйлердің рұқсат етілген максималды биіктігі ғимараттардың барлық түрлері үшін 6-9 қабаттан аспайды. Құрылыстың барлық орташа жоспарлы биіктігі шатырдың төбесіне дейін 35 метрден аспауы тиіс. Бұл ретте тұрғын үй ғимараттары жайлылықтың үшінші саанатынан төмен болмауы керек», - делінген құжатта.
Алматы қаласын жоспарлау және қала құрылысы басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов әзірленген шешімдер сейсмикалық жоғары, автомобиль көлігінің, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым дамуының шектелуіне байланысты құрылысқа қолайсыз аймақтардағы жерлердің жаппай игерілуін шектеу мен демалыс аймағын ұлғайтуға көмектесетінін атап өтті.
Абай даңғылының оңтүстігіндегі, Әл-Фараби даңғылының солтүстігіндегі, Әшімов көшесінің шығысындағы, Шығыс айналма жолы (ВОАД) аумағындағы ғимараттардың биіктігін шектеу аумақтың тығыздығын, әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымға түсетін жүктемені азайтып, жаңа демалыс аймақтарының пайда болуына әсер етеді, – деп нақтылады Алмасхан Ахмеджанов.
Бұған дейін Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың жоғарғы бөлігінде жаңадан салынып жатқан үйлердің көп қабаттылығын шектеуді тапсырған болатын.