Алматының кіреберісінде 19 экопост жұмыс істейді

0
2 498

Экопостардың екеуі қазір жұмыс істеп тұр.


Алматының кіреберісінде 19 экопост жұмыс істейді

Алматыға кіре берістерде жаңартылған экопосттар жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Instagram-дағы парақшасында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалаға кіре берістерде 19 эко-пост орнатылып жатқанын, оның екеуі қазір жұмыс істеп тұрғанын жазды.


"Жұмыс сапарымен Құлжа тас жолында орнатылған жаңа экологиялық бекетке бардым. Мұнда көп компонентті газ талдағыштың көмегімен бензин және газбен жүретін көліктен шығатын улы газдың құрамындағы көмірсутегі, көміртегі оксиді, көміртегі диоксиді, азот оксиді, оттегі тексеріледі. Дизельді отынмен жүретін көліктердегі газдың түтіні де тексеріледі", - деді әкім.


Қалаға кіре берісте барлығы 19 экопост жұмыс істейді. Жақында алғашқы екеуі Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінде іске қосылады. Тестілік режимдегі тексеру кезінде түтіні нормадан асатын шамамен 5 мың жеңіл және 1 мыңнан астам жүк көлігі анықталды.