​ Алматының қоғамдық көліктерінде дабыл батырмасын орнату қарастырылып жатыр

0
427

Алматы қаласының қоғамдық көліктеріне дабыл батырмасын орнату жағы қарастырылуда.


​ Алматының қоғамдық көліктерінде дабыл батырмасын орнату қарастырылып жатыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті, деп жазады inform.kz.

«Қоғамдық көліктердегі тәртіп бақылау полицейлердің назарынан тыс қалып келеді. Таяуда Алматы қаласында қоғамдық көлікпен жол апаты болып, салдарынан үш адам қайтыс болды. Тағы бір факт жолаушы шетел азаматтарына тиіскен. Біз жолаушыларды тасымалдаушы компанпиялардың басшыларымен кездесіп, қоғамдық көліктегі қауіпсіздік мәселелерін талқыладық. Кездесу барысында автобустарда бейнебақылау камерасы және дабыл батырмасын орнату жағы қаралды. Сонымен қатар профилактикалық іс-шаралар өткіздік», - деді Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, дабыл батырмасын орнатуға жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық көліктер мекемесінің иелері жауапты.

«Олар қаржылық жағдайына қарай орнатады. Біз қоғамдық көліктер мекемесі иелерімен бірлескен жұмыс істеп жатырмыз. Олардың көбісі келісіп отыр. Енді жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргіземіз», - дейді ол.