Алматының маңына блок-бекеттер қойылғалы жатқан жоқ - Бекшин

0
2 319

Қаланың бас санитарлық дәрігері қоғамдық көліктердің штаттық режимде жұмыс істей беретіндігін атап өтті.


Алматының маңына блок-бекеттер қойылғалы жатқан жоқ - Бекшин

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың айналасында бақылау бекеттері қойылмайтынын айтты, деп жазады zakon.kz.

"Бүгіндері бізде айқындалған алғышарттар бар. Қазіргі ауруға шалдығушылық көрсеткіші Алматы қаласының периметрі бойынша бақылау бекеттерін орнатуды, сондай-ақ әуе қозғалысына шектеу қоюды білдірмейді. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін қолда бар шектеу шаралары жеткілікті", - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, қаланың бас санитарлық дәрігері қоғамдық көліктердің штаттық режимде жұмыс істей беретіндігін атап өтті.