Алматының мемлекеттік мекемелерінде экобокстар орнатылады

0
844

Бұл туралы қаланың жасыл экономика басқармасында хабарлады.


Алматының мемлекеттік мекемелерінде экобокстар орнатылады

ERNUR.KZ. Алматының мемлекеттік мекемелерінде қоқыстарды бөлек жинау үшін заманауи экобокстар орнатылмақ, деп жазады 7kun.kz.

«Көптен бері біздің басқармаға осындай заманауи экобокстерді орнату туралы ұсыныс келіп түсуде. Біз оны қарап, мемлекеттік мекемелерде орнату туралы шешім қабылдадық: алдымен ХҚКО мен аудандық әкімдіктерде, қыркүйек айында — мектептерде. Бізбен қатар жеткізуші компания СОО және ЖОО-да жинақтарды монтаждау бойынша жұмыс жүргізуде. Олар 250-ге жуық боксты орнатты. Контейнерлердің көлемі 120 литр. Әрбірі үш бөліктен тұрады: шыны, пластик және қағаз», — деді ведомствода.

Сондай-ақ, ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта контейнерлердің болжамды санын есептеу жүргізілуде. Алдын ала өтінімдер бойынша мекемелерге бокстарды жеткізу ақысыз. Қоқыс өңдеумен жеткізуші компания айналысады.

«Көп пәтерлі және тұрғын үй секторында қоқыстарды бөлек жинауға келетін болсақ, Алматыда пластикалық жинауға арналған 262 сары контейнер орнатылды. Сонымен қатар, макулатураны, шыны және алюминий ыдысты, пластикалық қалдықтарды қабылдауға арналған 24 пункт жұмыс істейді», — деп қосты басқармада.