Алматының орталық көшелерінен веложолақтарды алып тастау ұсынылды

0
829

"Бұл көшелерге веложолақ жасау артық шешім болды", дейді Рахман Алшанов.


Алматының орталық көшелерінен веложолақтарды алып тастау ұсынылды

ERNUR.KZ. Алматының қаласындағы Қонаев және Байтұрсынов көшелеріндегі велосипед жолдарын алып тастау ұсынылды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Веложолақтарға қатысты айтатын болсақ, бизнес зардап шеккендіктен Байтұрсынов және Қонаев көшелеріндегі жолақтарды алып тастау керек. Барлық пікірлерді қарастырып шығу керек. Бұл көшелерге веложолақ жасау артық шешім болды. Басында пікірталастар болған. Талқыланған кезде бұл мәселені қарастыруға шешім қабылданған. Нәтижесінде Байтұрсынов пен Қонаев көшесіндегі веложолақтарды алып тастауға шешім қабылданды", - деп хабарлады арнайы баспасөз мәслихатында Алматы қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов.