Алматының таулы аудандарындағы заңсыз құрылыстарға қатысты тергеу басталды

0
248

Ведомство мәліметінше, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды.


Алматының таулы аудандарындағы заңсыз құрылыстарға қатысты тергеу басталды

ERNUR.KZ. Антикоррупциялық қызмет Алматының тау бөктеріндегі аудандарында жер бөлу және құрылыс салу мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелерін жариялады, деп жазады ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды.

“2017 жылдан бастап жаппай демалуға және туризмге арналған рекреациялық аймақтан тұрғын аймаққа 286 гектарға жуық жер аударылды. Бұл өзгерістер экологтардың, СЭС пен өрт сөндірушілердің келісімінсіз жүзеге асырылды. Қоғамдық тыңдаулар өткізілмеді”, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, қолданыстағы Бас жоспар 2011 жылы өзектілігін жойды, ал жаңасы әлі бекітілмеген.

Бұдан бөлек, талдау нәтижесі көрсеткендей, төтенше жағдай қызметінің деректері бойынша тасқын, көшкін және сел қаупі аймағында 5 000-ға жуық нысан бар. Оларда 26 мың адам тұрады. Мысалы, Набережная көшесінде тік беткейдің астында сары топырақтарында 12 тұрғын үй салынған.

“Соңғы екі жылда ландшафтты заңсыз өзгертудің 26 фактісі анықталды. Үлгі ретінде, Наурызбай ауданының тау бөктеріндегі учаскелердің бірінің иесі рұқсат құжатсыз тауды кесіп тастады. Мамандардың қорытындысы бойынша кесілген топырақтың көлемі 100 мың текше метрді құрады. Бұл жерлер сату мақсатында 50 тәуелсіз учаскеге бөлінген. Жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесінің ашықтығы мен бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлық практикасына алып келеді. Алдымен Бас жоспарға сәйкес келмеу және сейсмикалық және су қорғау аймақтарында болу сылтауымен бас тартады. Кейінірек сол учаскелер бойынша өзгертуге келісім беріледі. Осындай 900-ден астам факт анықталды. Мысалы, қала тұрғынына учаскелердің нысаналы мақсатын өзгертуге бас тартылып, бірақ біраз уақыттан кейін оларға рұқсат берілді. Бұл ретте оның учаскелерінің бірі әкімдіктің лауазымды тұлғасының туысына аударылған”, – деп мәлім еттті Антикор.

Ведомство бұл процестерге бақылаудың болмауы бюджетке тиісті төлемдердің түспеуіне әкеп соғатынын еске салды. Соңғы үш жылда алдын ала деректер бойынша нысаналы мақсаты өзгерген кезде кадастрлық құн айырмасы үшін 500 млн теңгеден астам төленбеген.

Алматы тұрғындары арасында тау бөктеріндегі аймақтың құрылысы ерекше резонанс туғызады. Рұқсат құжаттарын беру және келісу кезінде сыбайлас жемқорлық факторлары бар екені анықталды.

“Сәулет органдары жеке үй құрылысының эскизін бекіткенімен, іс жүзінде көппәтерлі тұрғын үй кешені салынады. Бұл үйлерді суға және жылуға қосу үшін қолда бар техникалық шарттар да ескерілмейді. Мектептер, балабақшалар, емханалар, жолдар жоқ. Үйлердің қабаттылығы, зираттардан санитарлық-қорғау аймағын қамтамасыз ету бойынша талаптар бұзылады. Құрылыс салушылар бекітілген эскиздерді бұза отырып, іргелес аумақ: тротуарлар, серуендеу аймақтары және балалар алаңдары есебінен салынып жатқан тұрғын үй алаңын ұлғайтады”, – деп түсіндірді ведомство.

Аталған бұзушылықтар бойынша қылмыстық істер тергелуде. Олардың шеңберінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралмақ.