Алмаз Ыдырысов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

0
493

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағандыда дүниеге келген.


Алмаз Ыдырысов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағандыда дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жол жөндеуші болып бастаған.

  • 2005-2006 - «Қазақавтодор» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші маманы.
  • 2006-2014 жж Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.
  • 2014-2016 жж - «Казавтодор» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.
  • 2016-2019 жж Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі құрылымында басшылық қызметтерді атқарған.
  • 2019-2022 – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.
  • 2022 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы.