Алты адам көз жұмған тасжолда тағы да апат болды: қаза тапқандар бар

0
2 353

Жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 6 адам Тайпақ ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.


Алты адам көз жұмған тасжолда тағы да апат болды: қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Атырау–Орал тасжолындағы жол апатынан тағы 4 адам қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.

Полиция ақпаратына сәйкес, 26 ақпанда сағат 3:29 шамасында Ақжайық ауданы Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде екі көлік соқтығысқан.

Соның салдарынан екі көлік ішінде отырған 4 адам қаза тапты. Тағы 6 адам Тайпақ ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, 22 ақпанда Орал–Атырау тасжолында жол апаты болып, алты адам оқиға орнында қайтыс болған еді. Бір адам ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota мен Lada автокөлігінің соқтығысуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жолда көру мүмкіндігі нашарлаған.

Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "көлікті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша тергеу жүргізілуде.