Алты жасар балаларды балабақшадан шығару мерзімі өзгереді

0
976

2019 жылы 1 қыркүйетен бастап балаларды ерте жастан дамыту бағдарламасы енгізіледі.


Алты жасар балаларды балабақшадан шығару мерзімі өзгереді

ERNUR.KZ. Балалардың балабақшаға бару кестесі қайта қаралады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дәстүрлі Тамыз конференциясында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

«Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі сапалы білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады. Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылы 1 қыркүйетен бастап балаларды ерте жастан дамыту бағдарламасы енгізіледі. Бүгінде екі жастағы балаларды қамту мәселесі өзекті болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, үштен алты жас дедік. Алты жастың көбі 1-сыныпқа барып жатыр. Сондықтан екі жастағы балаларды қамту мәселесін көтеру қажет», - дедіі Аймағамбетов Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Тамыз конференциясында.

Министр балалардың балабақшаға бару кестесін қайта қарау қажет екенін айта кетті.

«Алты жастағы балаларды балабақшадан мамыр айынан бастап шығару тәжірибесін тоқтау керек деп санаймыз. Балалардың балабақшаға бару уақытын тамыз айына дейін ұзартып, соңғы айларда мысалы бес жасар және мектеп алды даярлық топтарын мектепке дайындау үшін пайдалану керек. Бұл тарапта арнайы бағдаламаны дайындаймыз», - деді ведомство басшысы