Америкалық компания қазақстандық фермерлерді оқытатын болады

0
790

ҚР Үкіметі мен американдық компаниялардың ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл бойынша құжаттарға қол қойды.


Америкалық компания қазақстандық фермерлерді оқытатын болады

ERNUR.KZ. ҚР Үкіметі мен Valmont Industries ТҰК АӨК саласында инвестициялық ынтымақтастықты іске асыру туралы құжатқа қол қойды, - деп жазады Тengrinews.kz.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Үкіметі мен американдық компаниялардың ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл бойынша құжаттарға қол қоюына қатысты.

Жерлерді суару саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров пен Valmont Industries президенті, бас директоры Cтив Каневски қол қойды.