«Әміре» фильмі АҚШ-та өткен фестивальде екі бірдей жүлде ұтып алды

0
241

Richmond International Film & Music Festival – АҚШ өтетін ауқымды халықаралық кинофестиваль. Виржиния штатындағы Ричмонд қаласына үздік заманауи фильмдерді жыл сайын алып келетін кинофорум.


«Әміре» фильмі АҚШ-та өткен фестивальде екі бірдей жүлде ұтып алды

ERNUR.KZ. «Әміре» көркем фильмі Richmond International Film & Music Festival кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды, деп жазады Қазақфильм.

«Үздік оқиғалы фильм» және фильмде басты рөлді сомдаған Санжар Мәди «Үздік актер». Аталған картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы және «DAR Play» компаниясы түсірген.

Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Сондай-ақ, фильмде Әміре Қашаубаевтың танымал америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да көрініс табады.

Richmond International Film & Music Festival – АҚШ өтетін ауқымды халықаралық кинофестиваль. Виржиния штатындағы Ричмонд қаласына үздік заманауи фильмдерді жыл сайын алып келетін кинофорум.

Былтыр «Әміре» фильмі бірнеше жүлделерге қол жеткізген. Атап айтар болсақ: Hollywood Film Festival кинофестивалінде “Best Global Hollywood Film” жүлдесі, сонымен қатар, Panasonic компаниясы атынан арнайы сыйлық, және Грузияда өткен Golden Eye Халықаралық кино және телеоператорлар фестивалінде арнайы жүлдемен марапатталған.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет