"Әміре" фильмі Голливудте үздік деп танылды

0
1 620

"Әміре" фильмі Hollywood Film Festival кинофестивалінде бірінші орын жеңіп алды


ERNUR.KZ. "Әміре" фильмі Голливуд кинофестивалінде үздік деп танылды, деп жазады sputniknews.

Бұл туралы актер Санжар Мәдиев инстаграмдағы парақшасында хабарлады.

"Достар! "Әміре" фильмі Голливудте Hollywood Film Festival кинофестивалінде бірінші орын жеңіп алды және қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды", — деп жазды ол.

Фильм Еуропа жұртшылығына қазақтың қара домбырасы мен дәстүрлі ән орындау өнерін таныстырған біртуар әнші Әміре Қашаубаевтың қысқа да жарқын ғұмырын баяндайды. Кинотуындыда Әміренің 1925 жылы Парижде өткен "ЭКСПО" көрмесіндегі қайталанбас жеңісі суреттелген.