Анасын іздеп келген Эдди Жан елден кетті

0
305

Қазақстанға, туған еліне рахмет айтты.


Анасын іздеп келген Эдди Жан елден кетті

ERNUR.KZ. Қазақстанға туған анасын іздеп келген Эдди Жан елден кетті. Оны бельгиялық жалғызбасты әйел асырап алып кеткен, деп жазады baq.kz.

Ол мұны Instagram-дағы парақшасында жазды.

Құрметті қазақстандықтар! Өздеріңіздей қонақжай, мейірімді халықпен танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін және қолдау танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Мен Қазақстанның әр ұлына, қызына, анасына, әкесіне тәнтімін және ризамын! Достар, менің визамның уақыты аяқталды, туған жерден кетуім керек, бірақ мен жақында ораламын. Мен туған анамды іздеу жұмысын тоқтатпаймын, - деп жазды Эдди Жан.

Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанымды көрдіңіздер, мен үшін тым ауыр күндер болды.

Нәтижесінде мен өзіме біраз уақыт бөлуді жөн көрдім, сондықтан Испанияға бірден қайтпаймын, бірер күн Тайландта боламын. Ойымды жинақтап, демалып алғым келеді. Әзірге көп мәліметті аша алмаймын, бірақ бұл оқиға мен күткеннен де қиын сияқты...Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы 2002 жылғы қаңтарда Арқалық қаласының перзентханасына ұлын тастап, қолхат жазып кеткен, архивтік ресми құжаттар негізінде менің туған анам болып саналатын әйел табылды. Ол әйелге қазір редакция екінші рет ДНҚ сараптамасын жасап жатыр. @kymbatdoszhan & @asel_asqarqyzy сіздер іздей беріңіздер! Алда көп жаңалық болады деп сенемін, - деп жазды Эдди Жан.

Қазақстанға, туған еліне рахмет айтты.

Ең бастысы, мен бұл сапарымда туған жерімді таптым, туған еліммен қауыштым, әр қазаққа бала, бауыр екенімді түсіндім. Бәріңізді жақсы көремін. Амандықта жүздесейік!, - деп жазды ол.