"Анасына айтып барсын": көршісінің қызын қорқытып қараусыз қалған жерге алып барған әйел ұсталды

0
1 541

Оқиға Алматы облысы Қарғалы ауылында болған.


Фото: Бейнежазбадан

Анасына айтып барсын деген оймен көршісінің қызын қорқытып қараусыз қалған жерге алып барған әйел ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде жүргені анықталды.


ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (кәмелетке толмаған баланы бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қыздың табылғаны жөнінде желідегі парақшасында жазды. Оқиға Алматы облысы Қарғалы ауылында болған. Қыздың анасының сөзінше, көршісі бұл әрекетке олардың ақшалай қарызы болғандықтан барған болуы мүмкін.