Әншілер табиғи дауыспен айтатын болса, билеттің бағасын да көтеру керек — Қарагөз Сүлейменова

0
2 126

Карантинге дейінгі кезеңде кейбір танымал әншілер беретін концерттің билеттері 3 000 теңгеден бастап, 10-15 мыңға дейін, тіпті одан да жоғары болатынын ескерсек, жаңа заң қабылданса олардың қаншаға көтерілетінін елестетудің өзі қорқынышты.

Әншілер табиғи дауыспен айтатын болса, билеттің бағасын да көтеру керек — Қарагөз Сүлейменова

ERNUR.KZ. Мәжілісте талқыланған бұл заң жобасы әншілердің арасында резонанс тудырды. Олар фонограммасыз айтуға аппаратураның сапасы кедергі болатынын алға тартуда, деп жазады 365info.kz.

Мәселен, Жігіттер тобының солисті Ердос Қанаев депутаттардың бұл ұсынысын қолдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, егер осындай талап заң жүзінде бекітілетін болса, сахнада нағыз таланттар қалады. Алайда әнші бұл үшін:

«Сапалы аппаратурамен қамтамасыз етіп, ән айтуға жағдай жасау керек», — дейді.

Ал танымал актер Досхан Жолжақсыновтың жары, актриса әрі тележүргізуші Қарагөз Сүлейменова Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында әннің сапасы дұрыс болуы үшін фонограмманың керек екенін айтты. Ол сапасына қарай төленетін ақшаның да сай болғаны дұрыс дейді.

«Әншілер табиғи дауыспен айтатын болса, билеттің бағасын да көтеру керек. Бірақ бұндай бағаны біздің халықтың қалтасы көтере ме?», — деп сұрады актриса.

Танымал продюсер Қыдырәлі Болман да жанды дауыста өтетін концерттердің шығыны көп болатынын айтқан еді.

«Негізі қазір өзін құрметтейтін әншінің барлығы бұл заң шықпай-ақ жанды дауыста концерт береді. 90-95 пайызға жуық әнші жанды дауыста айта алады. Ол заңның қабылдануына ешкім қарсы емес. Иә, біреулер әнмен қатар билеп өнер көрсетеді. Ондай кездері фонограмма қосуға болады. Ол әлемде бар дүние. Бірақ жанды дауыстағы концерттің шығыны екі есе болады»