Антикор экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

0
464

Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады.


Антикор экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

ERNUR.KZ. Антикор бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп жазады tengrinews.kz.

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бұрынғы әділет министрі (Марат Бекетаевтың) лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады.

Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді.

Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.