Қазір іс айыптау қорытындысын бекіту үшін прокуратураға жіберілді.
ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты тергеуді аяқтады, деп жазады zakon.kz.
Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, қазір іс айыптау қорытындысын бекіту үшін прокуратураға жіберілді.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.