Антикор QazaqGaz-дағы ұсталғандар туралы ақпаратқа жауап берді

0
425

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Астанада өткен брифинг барысында QazaqGaz АҚ қызметкерлері мен басшылығының ұсталғаны туралы әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратқа пікір білдірді.


Антикор QazaqGaz-дағы ұсталғандар туралы ақпаратқа жауап берді

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет QazaqGaz-ға қатысты ақпаратқа жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Астанада өткен брифинг барысында QazaqGaz АҚ қызметкерлері мен басшылығының ұсталғаны туралы әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратқа пікір білдірді.

"Осыған байланысты ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің өкілетін асыра пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлағымыз келеді. Тергеу шаралары қылмыстық істің мән-жайын объектив жән жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ешкім ұсталған жоқ. Ешкімге айып тағылған жоқ. Тергеу мүддесі үшін басқа мәлімет жария етілмейді", - деді Антикор ресми өкілі Арман Тілеукенов.