​Апта басында теңге нығайды

0
1 600

KASE қор биржасының 25 маусымындағы таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 339,65 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Апта басында теңге нығайды

KASE қор биржасының 25 маусымындағы таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 339,65 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Таңғы саудадағы бірінші келісім 339,5 теңгемен жасалды. Минималдық құны 339,40 теңге болды. Ал максималдық құны – 339,85 теңге. Сауда көлемі 26,65 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, айырбас орындарында доллар 337-341 теңгеге бағаланып отыр. Астана уақыты бойынша сағат 11.05 -те Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 74,15 доллар болды.