Әр облыста Балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтары ашылады

0
688

Бұл туралы Премьер-министр Үкімет отырысында айтты


Әр облыста Балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтары ашылады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі психотерапевтер мен наркологтарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесін қарастырады. Бұл туралы Премьер-министр Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді мұндай проблемалармен бетпе-бет қалдыруға болмайды.

Осыған байланысты Премьер-министр Әлихан Смайылов мына мәселелерді атап өтті:

  • Бірінші. Оқу-ағарту министрлігі 2025-ші жылға дейін әр облыста Балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарын ашу жоспарын әзірлеп, бекітуі тиіс.
  • Екінші. Өңір әкімдіктері Мәдениет, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірге жаңа Отбасын қолдау орталықтарын, сондай-ақ наркологиялық мекемелерді ашуды қамтамасыз етуі қажет.
  • Үшінші. Денсаулық сақтау министрлігі психотерапевтер мен наркологтарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесін пысықтауы керек.
  • Төртінші. Ішкі істер, Мәдениет министрліктері тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты қабылданған түзетулер бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.
  • Бесінші. Мәдениет және ақпарат министрлігі осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етуі тиіс.