Әр үйге оптикалық интернет орнатамын деп уәде бермеймін - министр

0
391

Министрдің халыққа есеп беру кездесуінде Түркістан облысының тұрғынынан интернетке қатысты сұрақ қойылды.


Әр үйге оптикалық интернет орнатамын деп уәде бермеймін - министр

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы әрбір үйге оптикалық-талшықты интернет жүргізу үшін миллиардтаған доллар инвестиция қажет екенін мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Министрдің халыққа есеп беру кездесуінде Түркістан облысының тұрғынынан осыған қатысты сұрақ қойылды.

"Әр үйге оптикалық интернет орнатамын деп уәде бермеймін, негізгі сұрақ осы шығар, өйткені бұл миллиардтаған доллар инвестицияны қажет етеді, мұндай экономикалық жағдайда субсидия алу өте қиын.
Бірақ біз ауыл тұрғындары онлайн-алаңдарға кіріп, тауарларын электрон коммерция платформаларында сата алуы үшін, YouTube немесе басқа платформаларда видео көруге мүмкіндігі болуы үшін сапалы мобильді Интернетті қамтамасыз етеміз. Біз бұл бөлікті жасаймыз", - деді Мусин есеп беру кездесуінде.

Цифрлық даму министрінің айтуынша, сапалы интернет әрбір тұрғынға 4G қолдануға мүмкіндік береді, ал интернет жылдамдығы секундына 5 мегабитке жетеді.

Талшықты-оптикалық интернет - бүгінгі таңда желіде ақпарат тарататын ең жылдам технология.