"Арабтардың қарақұйрықтарды қырып салғаны" туралы видеоның қайда түсірілгені анықталды

0
699

Әлеуметтік желіде жабайы жануарларға шабуыл жасағандардың видеосы тарады.


ERNUR.KZ. Қазақстанда қарақұйрықтарды аулағандар түсірілген видео тарап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Facebook желісіндегі "МЕН-МАҢҒЫСТАУЛЫҚПЫН!" парақшасында жабайы жануарларға шабуыл жасағандардың видеосы тарады. Видео авторы мұның Маңғыстау облысында болғанын айтады.

Ескерту! Видеода жануарлардың өлтірілгені түскен сәттер бар!

Бұл видео 2020 жылдың қаңтарында Сауд Арабиясында пайда болғаны анықталды. Осы видео қоғамда шу шығарғандықтан елде тергеу жұмыстары басталған екен.

TheNewArab мәліметінше, видеодағы жануар араб ориксы болуы мүмкін. Ол Араб түбегінің шөлді аймақтарында мекендейді екен.