Әрбір қазақстандық орта есеппен үш күнде екі жұмыртқа жейді

0
2 432

Қазақстандықтар жұмыртқаның күндік нормасын да жей алмай жүр.


Әрбір қазақстандық орта есеппен үш күнде екі жұмыртқа жейді

иллюстрациялық фото

Әрбір қазақстандық орта есеппен үш күнде екі жұмыртқа тұтынады, яғни күндігіне 1 жұмыртқадан аз жейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың қаңтар айында базарлар мен дүкендердегі жұмыртқа бағасы өткен жылмен салыстырғанда бірден 30,4 пайызға артып кетті. 10 жұмыртқаның бағасы 396 теңгені құрады.

Қазақстанның ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде қымбат жұмыртқа тұтынып жүрген Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қаласының тұрғындары, ал ең арзаны Тараз қаласында.

Қазақстан құсөсірушілер одағы президентінің мәліметінше, өндірістің құлдырауы мен бағаның күрт өсуіне құс тұмауының таралуы себеп болып отыр.



Ішкі нарықта жылға жетпейтін уақыт ішінде 4,7 млрд жұмыртқа тұтынуға шығарылған, ал жылдық өсім 25,7 пайызды құраған.Орта есеппен еліміздің әрбір тұрғыны 11 ай ішінде 247,2 жұмыртқадан тұтынған.