Әрбір отбасы вируспен бетпе-бет келді – министр Цой

0
404

30 маусымдағы есеп бойынша елімізде 40 мыңдай адам вирус жұқтырған.


Әрбір отбасы вируспен бетпе-бет келді – министр Цой

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы және үйде медициналық көмек көрсету туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі таңда елдегі жағдай "инфекцияның үйде таралуы" деңгейіне өтті. Вирус халық арасында таралып жатыр. Өкінішке қарай, әрбір отбасы осы вируспен бетпе-бет келді деп айтуға болады. COVID-19 инфекциясының таралуы күн сайын артып келеді. 30 маусымдағы есеп бойынша елімізде 40 мыңдай адам вирус жұқтырған. Соңғы кездері медициналық орталықтар үздіксіз жұмыс істеп жатыр, медицина қызметкерлері де науқастармен үнемі байланыста болғандықтан, өздері де ауырып қалып жатыр. Бұл кадр тапшылығына әкеліп соғуда. Бірақ, қажетті құралдар жеткілікті, соның негізінде жұмыс істеліп жатыр, деді ол.

Министрлік пациенттерге үй жағдайында медициналық көмек көрсетуді барынша қауіпсіз деп санайды.

Қалыптасқан жағдайларда біз пациенттерге үйде медициналық көмек көрсетуді барынша қауіпсіз деп санаймыз. Амбулаториялық-емханалық көмек дистанциялық жұмыс форматына ауыстырылады, учаскелер деңгейінде шамамен 3 мың мобильді бригада құру жоспарлануда. Олар медициналық қызметкерлердің пациенттерге үйге баруын, COVID-19-ға тест алуды қамтамасыз етеді. Науқастарға кеңес беріп, ем тағайындайды. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдейді, сондай-ақ пациенттің жағдайына қашықтан мониторинг жүргізеді, - деп қосты министр.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет