Арқалықта балалардың үстіне алтыбақан құлады: жауапты тұлғалар жазаланады

0
3 648

Видеода ұлттық киім киген жастар домбыра тартып жатқанда, артқы жақта алтыбақан теуіп жатқан балалардың үстіне әткеншек құлап кетті.


Арқалықта балалардың үстіне алтыбақан құлады: жауапты тұлғалар жазаланады

ERNUR.KZ. Балалардың үстіне алтыбақан құлауына байланысты Арқалық қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері мен шараны ұйымдастырушыларға тәртіптік жаза қолданылды, деп жазады sputnik.kz.

Еске салсақ, бұл оқиға қалалық іс-шаралардың бірін тікелей эфир арқылы көрсету барысында болған. Видеода ұлттық киім киген жастар домбыра тартып жатқанда, артқы жақта алтыбақан теуіп жатқан балалардың үстіне әткеншек құлап кетті.
Бұл шара ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылғаны белгілі болды. Балалар мінген алтыбақан анығында импровизацияланған этноауылдың декорациясы болған. Мұны мұғалімдердің өздері де растады.
Алайда бұл оқиға облыс әкімдігінде жедел онлайн жиын өткізуге себеп болды.
"Жиын қорытындысы бойынша бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту, сондай-ақ қоғамдық орындарда орнатылған балаларға арналған нысандардың жұмысқа жарамдылығын тексеру бойынша тапсырмалар берілді. Шараны ұйымдастыру барысында жіберілген олқылықтар үшін жауапты лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады", - деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев.