Армениядан келген көліктер ЕАЭО тауары емес – министрлік

0
103

Заң бойынша, мұндай автокөліктерді тіпті сенімхат бойынша да рәсімдеуге болмайды.


Армениядан келген көліктер ЕАЭО тауары емес – министрлік

ERNUR.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев және ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті. Онда шенеуніктер мұндай көліктердің біздің елдегі құқықтық жағдайы туралы түсіндірді, деп жазады zakon.kz.

Биліктің мәліметінше, автокөліктер ЕАЭО Келісімін, атап айтқанда, Армения Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО-ға қосылуы туралы келісім талабын бұзу арқылы Қазақстанға әкелінген. №3 қосымша "Шарттар және өтпелі кезең ережелерінде" жеңілдік кезеңінде Арменияға жеке пайдалану мақсатында әкелінген автомобильдердің нақты мәртебесі айқындалған. Сонымен, 35-тармақта Армения аумағында тіркелген мұндай автомобильдерді Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша Армения Республикасында тұрақты тұратын адамдар ғана уақытша әкеле алады делінген. Басқа тұлғалардың әкелуіне және пайдалануына, сондай-ақ оларды иеліктен шығаруға, пайдалануға беруге тек кедендік декларациялары мен баж салықтары төленген жағдайда ғана жол беріледі.
Заң бойынша, мұндай автокөліктерді тіпті сенімхат бойынша да рәсімдеуге болмайды. Ал басқару құқығы тек отбасы мүшелеріне берілуі мүмкін. Айтпақшы, тура осы талаптар өтпелі кезең ішінде Қырғызстанның кедендік рәсімдеуінен өткен қырғыз нөмірлі автокөліктерге де қолданылады.
Ал Армянияда тіркелген ондаған мың автокөліктің Қазақстанға қалайша кіріп кеткенін арнайы құрылған комиссия тексереді. Осы тұста Армения Республикасының үкіметіне де көптеген сұрақтар туындайды, олар осы машиналардың айналымын шектеуі тиіс еді, бірақ олар өз міндеттемелерін орындамай, автокөліктерді қазақстандықтардың атына тіркеді.
Сонымен қатар, шенеуніктер дүрбелеңге бой алдырмауға шақырады және әрбір жағдайда азаматтармен жеке-жеке сөйлесуге уәде береді. Ішкі істер министріне ел азаматтарынан осындай автокөліктерді сатудың алаяқтық схемаларына қарсы шара қолдану туралы ондаған өтініштер келіп түскен.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет