Арнайы белгіні орнатпаған газбен жүретін көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

0
376

Бұл белгі автокөлік жабық тұрақтарға кіргенде, белгі оңай көрінетін және танылатындай етіп орнатылуы керек.


Арнайы белгіні орнатпаған газбен жүретін көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап газбен жүретін көлік жүргізушілері арнайы белгі орнатуы қажет, деп жазады zakon.kz.

Сауда және интеграция министрлігі арнайы белгі болмаса, қандай көлемде айыппұл болатынын түсіндірді.

"Таңба газ жабдығымен жабдықталған автокөліктерге міндетті болғандықтан, ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабына сай 3 АЕК (10 350 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған", - делінген ведомство хабарламасында.

Газ жабдығы бар автомобильдердегі ерекше белгі – қара жиегі бар сары теңбүйірлі үшбұрыш. Онда "GAS" деп жазылған, леп белгісі қойылған.

Сонымен қатар бұл белгі автокөлік жабық тұрақтарға кіргенде, белгі оңай көрінетін және танылатындай етіп орнатылуы керек.

Бүгінде Қазақстанда 380 мыңнан астам автокөлік газбен жүреді.