Арон Атабек не себепті түрмеден ерте босатылмады: Ішкі істер министрлігі жауап берді

0
628

Арон Атабек 24 қазанда дүниеден озды.


Арон Атабек не себепті түрмеден ерте босатылмады: Ішкі істер министрлігі жауап берді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев қоғам белсендісі Арон Атабектің өліміне қатысты пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.

Бүгін сенатта журналистер ішкі істер министрлігінің өкілінен не себепті Атабектің денсаулық жағдайы ескеріле отырып, ертерек босатылмағанын сұрады.

"Осы сұрақтың көтеріліп жатқанына көп болды. Арон Едігеев (Атабек) 2006 жылы 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол адам өлтіру және кепілге алу қылмыстары үшін сотталған болатын. 2019 жылдан бастап барлық медициналық тексерістен бас тартты", - деді комитет төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, барлық түрмеде жыл сайын профилактикалық тексеріс жүргізіледі. Мекеме қызметкерлері Атабектің қатты арықтап кеткенін байқап, медициналық тексерістен өтуге ұсыныс жасаған. Бірақ ол бас тартыпты.

"Біз туған-туыстарын шақырдық. Олар да сөйлесті. Қоғамдық бақылау комиссиясы әңгімелесті. Бірақ Атабек келіскен жоқ", – деп атап өтті Аюбаев.

Биыл 22 қыркүйекте Арон Атабек Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілген. Сол жерде медициналық тексеріс жасалды. 1 қарашада Павлодар қалалық соты оны қамау мерзімін қысқартып, бостандыққа шығаруға шешім қабылдады.

Айта кетсек, Арон Атабек 24 қазанда дүниеден озды. Ол 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабек түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған.