«АрселлорМиттал Теміртаудың» акицонерлері арасында Назарбаев әулетінің өкілдері жоқ – министр

0
516

Компанияның иесі 100 пайыз меншік иесі болып отыр.


«АрселлорМиттал Теміртаудың» акицонерлері арасында Назарбаев әулетінің өкілдері жоқ – министр

ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында «АрселлорМиттал Теміртаудың» акционерлері туралы мәлімет берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«АрселлорМиттал Теміртаудың» акционерлерінің ішінде Назарбаев әулетінің өкілдері бар ма?», - деп сұрады БАҚ өкілі.

Министрдің айтуынша, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

«Жоқ. «АрселлорМитталдың» бізге берген мәліметі бойынша, олар бұл кәсіпорынның 100 пайыз меншік иесі болып есептеледі және өз акциялары бойынша ешқандай шектеусіз, толық өздігінен шешім қабылдай алады», - деді Қанат Шарлапаев.