«АрселорМиттал» елден кете ме – министр жауабы

0
692

Министр БАҚ өкілінің «АрселорМиттал Теміртаудың» орнына басқа инвестор әкелу қаншалықты мүмкін екені туралы сұраққа жауап берді.


«АрселорМиттал» елден кете ме – министр жауабы

ERNUR.KZ. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Министр БАҚ өкілінің «АрселорМиттал Теміртаудың» орнына басқа инвестор әкелу қаншалықты мүмкін екені туралы сұраққа жауап берді. Шарлапаев егерде инвестор елімізде жұмыс істегісі келсе, заңдарға бағынуы керегін айтады.

«Инвесторды ауыстыру – бұл бір инвестордың өз орнына басқа инвесторды әкелу еркі. Біреу кетіп, өз үлесін басқа бір тұлғаға беру керек, - деп жауап берді ол.

Оның ойынша, жауапкершілік тұрғысында елімізде біз шара қолға алынған.

Адамдар қазасына байланысты қылмыстық істер қозғалды, құзырлы органдар тергеп, тексеріп жатыр. Бұрын болған дүние туралы пікір білдіре алмаймын. Жақында адам қазасы тіркелген тосын оқиға бойынша қозғалған іс қазір тергеу сатысында тұр. Тергеу барысына пікір білдірмеймін, - деді Қанат Шарлапаев.