«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры ҚР президенті алғыс хатымен марапатталды

0
368

Тәуелсіздік күні қарсаңында қалалық мәдениет сарайында бірлесіп жұмыс істеп, аянбай еңбек еткен мамандарға құрмет көрсетілді.


«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры ҚР президенті алғыс хатымен марапатталды

ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды, деп жазады stan.kz.

Тәуелсіздік күні қарсаңында қалалық мәдениет сарайында бірлесіп жұмыс істеп, аянбай еңбек еткен мамандарға құрмет көрсетілді. Олардың ішінде қоғам қайраткерлері, қала белсенділері, ардагерлер және тағы басқа қызметкерлер ҚР Президенті сайлауына үлкен үлес қосты.

Теміртау қаласында президенттік сайлауды сапалы дайындауға және өткізуге қосқан үлесі үшін мемлекет басшысының атынан алғыс хаттарды "Аманат" партиясы Қарағанды облыстық филиалының жауапты хатшысы Бекзат Алтынбеков салтанатты түрде табыс етті. Ол сала мамандарының күш-жігерінің арқасында кезектен тыс сайлаудың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

“Құрметті жерлестер, құрметті партияластар, ең алдымен баршаңызды еліміздің үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, әрбір қазақстандықтың ғұмыры ұзақ та мәнді болсын дегім келеді. Құрметті әріптестер, біз саяси науқанды аяқтап үлкен іс тындырдық”,- деді Бекзат Алтынбеков.

Марапатталғандардың қатарында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский де болды. Ол сайлауға қатысу тек азаматтық парыз емес, сонымен қатар өз қалаң мен еліңнің тағдыры үшін жауапкершілік екенін алға тартты.

“Бұл президентіміздің "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еңбек ұжымының жетілгендігіне, ел тағдыры мен тұрақтылығы үшін жауапкершілігін көрсететініне берген үлкен бағасы", - деп қосты Владимир Яблонский.