«АрселорМиттал Теміртау» АҚ кран жабдықтарын жаңғыртуға 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

0
606

Конвертер цехының болат құю бөлімінің 5 кранын № 42, 43, 44, 46, 47 жаңғырту жұмыстары 2023–2024 жылдарға жопарланған.


«АрселорМиттал Теміртау» АҚ кран жабдықтарын жаңғыртуға 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмыс алаңдарын қауіпсіздікті жақсартып, қызметкерлерге жайлылық жасайтын арнайы әзірленген жаңа крандармен қамтамасыз етуде. Жобаның жалпы құны 8 млрд теңгені құрайды, деп жазады stan.kz.

Конвертер цехының болат құю бөлімінің 5 кранын № 42, 43, 44, 46, 47 жаңғырту жұмыстары 2023–2024 жылдарға жопарланған.

“2023 жылы №1 қаңылтыр прокат цехының № 26, 27 крандарын, сондай-ақ №18 құю машинасы крандарын, қож цехының № 31 және № 36 крандарын, №1және №2 конвертер цехының араластыру бөліміне А крандарын орнату жоспарлануда”,– деді "АрселорМиттал" АҚ Теміртау" техникалық директоры Константин Цимбал.

Сатып алынған барлық крандар "АрселорМиттал Теміртау" АҚ үшін арнайы әзірленген. Атап айтқанда олардың жұмыс жағдайлары, температурасы, режимдері, қауіпсіздік техникасына және автоматтандырудың жаңа деңгейіне көшу кезінде жабдықтың сенімділігіне жоғары талаптар ескерілен.

Ал атқарушы схема, жүк көтергіш, көтеру биіктігі мен аралықтың ұзындығы өзгеріссіз қалады. Өзгерістер енгізілген жеке конструкцияларды қоспағанда, механикалық бөлік сақталған. Бірақ электрлік қондырғыда жаңа басқару жүйесі, автоматтандыру, механизмдерді жеңіл іске қосу, жетекті басқаруға арналған жоғарылату және төмендету басқару жүйесі болады.

Крандарды ауыстыру бағдарламасының өзі бірнеше кезеңге бөлінген.

“Бірінші кезеңде прокат-1 және конвертер цехы үшін 7 кран, екінші кезеңде прокат-1,2,3 цехтары мен конвертер цехы, әктас күйдіру цехы үшін 18 кран болды. Үшінші кезеңде сол бөлімшелерге 12 кран жіберілді. Қазіргі уақытта Қарағандыдағы “АСЭП” компаниясымен келісім-шарт жасалып, инженерлік жұмыстар дайындалды. Ал құрал-жабдықтар Siemens, Schneider Electric компаниясынан сатып алынуда. Жобаны іске асыру мерзімі – 2024 жылдың қаңтары”,- деді “АрселорМиттал Теміртау" АҚ техникалық директоры.

Монтаждау жұмыстары жергілікті компаниялар "Имсталькон-Т" мен "Техол-монтажға” тапсырылған.

Тағы бір маңызды жайт крандарды жаңғырту оларды арнайы құрылғылармен жабдықтау арқылы қауіпсіздік, жабдықтың сенімділігі артады. Кран машинистеріне барынша қолайлы жағдай жасалады. Барлық жүргізуші кабиналары еңбек операцияларын бақылауға арналған механизмдердің визуализациясымен және камералармен жабдықталған.