"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында тағы да апат: адам шығыны бар

0
514

1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды.


ERNUR.KZ. Оқиға 8 желтоқсанда болған, деп жазады exk.kz.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Салдарынан кәсіпорынның 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда, деп мәлімдеді компания.

"АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде бұған дейін де апат болып, салдарынан 4 жұмысшы қаза тапқан еді.