«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңгеге айыппұл салынды

0
460

Кәсіпорынның Теміртау қаласындағы ауаны ластаудағы үлесі 86,4%-ті құрайды.


«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңгеге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. «АрселорМиталл Теміртау» компаниясының жұмысында бірқатар бұзушылықтар анықталып, кәсіпорынға қомақты көлемдегі айыппұл салынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

АрселорМиталл металлургиялық кешені Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі. Кәсіпорынның қаладағы ауаны ластаудағы үлесі 86,4%-ті құрайды.

Жыл сайын, АрселорМиталл шамамен 10 рет экологиялық бақылаудан өтеді. 2022 жылдың 9 айында аумақтық экология департаменті компанияға қатысты жоспардан тыс 7 тексеріс жүргізді.

«Тексеріс нәтижесінде бейорганикалық шаңның нормативтен тыс шығарындылары, бұрын берілген нұсқамалардың орындалмауы, қалдық газдарды шығару, сондай-ақ тазарту жұмыстары бойынша бұзушылықтар анықтады. Атқарылған шаралары негізінде кәсіпорынға жалпы сомасы 5, 8 млрд теңгеге айыппұл салынды», - деді Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында.

Қазіргі уақытта Департамент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Парасил цехына тексеру жүргізіп жатыр.