"АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы өрт: Жаңа деректер жарияланды

0
2 985

Белгілі болғандай, өрт кезінде Саран шахтасында 187 адам болған.


ERNUR.KZ. “АрселорМиттал Теміртау” компаниясының “Саран” шахтасындағы өртке қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп жазады Stan.kz

Белгілі болғандай, өрт кезінде Саран шахтасында 187 адам болған.

Шахтадағы өрт 01:55-те басталған. "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кезде шахтада 187 адам жұмыс істеген, төртеуі кенжарда болған.

"Өрттің шығу себептері анықталуда. Барлық адамдар шахтадан шығарылды, өрт таңғы сағат 04:00-де сөндірілді", - деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметі.

Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының тағы бір шахтасында өрт шыққаны туралы хабарладық. Өрт Саран шахтасында болды.