«АрселорМиттал Теміртауда» өрт шықты

0
418

Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде тарап кетті.


«АрселорМиттал Теміртауда» өрт шықты

ERNUR.KZ. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорнында төтенше жағдай тіркелді, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда компанияның өртеніп жатқаны көрсетілген.

Оқиға 26 қарашада болған. Компания ҮҚМ-3 (үздіксіз құю машинасы) болат шөміш қақпасында тіркелген.

«Технологиялық персонал апатты жағдайда қажетті барлық процедураларды орындады. Метал арнайы шұңқырға құйылды. Конвертер цехы әдеттегідей жұмыс істеп тұр, СЦМ-3 сынақтан өткізіп, іске қосу шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасында газ жарылуы салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты.

Бұдан бұрын президент Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, төтенше жағдайға шынайы баға беру үшін халықаралық компанияны тарту керегін айтқан. Сондай-ақ, кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізіп, еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының сақталуына мән беруді тапсырды.

Президенттің тапсырмасынан кейін сенаторлар еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатайтатын заң жобасын әзірледі.