"АрселорМиттал Теміртауға" 1 млн теңге айыппұл салынады

0
327

Нысан жылыту маусымына дайын емес, қазандықтарды күрделі және орташа жөндеу кестесі бұзылған.


ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға тиесілі Теміртаудағы №2 жылу электр орталығына жылу маусымына дайындық паспорты берілмеген, деп жазады sputnik.kz.

ЖЭО-да 4 және 5 қазандықтарды күрделі және орташа жөндеу кестесі бұзылған, ескі, 16 жыл бұрынғы қондырғылар жаңартылмаған, олардың ақауы бар, 5-қазандықтағы коллекторлар ауыстырылмаған.
"№5 қазандықты жөндеу жұмыстарының сметасында 12 дана коллекторды толық ауыстыру көзделгеніне қарамастан, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ оларды өзгертпеген. Тек тазалаумен және жөндеумен шектелген. Жұмыс істеп тұрған коллекторлардың 150-ден 200 мм-ге дейін елеулі ауытқуы бар", - деп түсіндірді департамент.
Сонымен қатар №3 қазандықтан түтін құбырына дейін газ құбырын жылу оқшаулау және қазандық цехының шатырын жөндеу жұмыстары аяқталмаған.