Әртістерге мемлекеттік концерттер үшін төленетін ақша: Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеме жасады

0
291

"Ашық НҚА" сайтында тиісті құжат жойылған.


Әртістерге мемлекеттік концерттер үшін төленетін ақша: Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжат туралы мәлімдеме жасады, деп жазады stan.kz.

Сайтта мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін отандық әртістердің ақшасы туралы ақпарат көрсетілді.

"Ашық НҚА" порталында қазақстандық әртістердің гонорары туралы қате ақпарат жарияланды. Әртістер мемлекеттік концерттерге тегін қатысады. Олардың көпшілігі қайырымдылық концерттеріне белсенді қатысады. Мәдениет комитетінің басшылығы мемлекеттік концерттерді өткізу шығындарын ұлғайту туралы шешім қабылдаған жоқ", – делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Ашық НҚА" сайтында тиісті құжат жойылған.