Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды

0
571

47 жастағы А.Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылдың 18 шілдесінде тағайындалған болатын.


Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Еске салайық, 47 жастағы А.Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылдың 18 шілдесінде тағайындалған болатын.

Биылғы 1 маусымда уәкілді Президент Қ.Тоқаев қабылдап, кездесу барысында балалардың денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына, сондай-ақ балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты өзекті мәселелер талқыланған еді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы бірқатар міндет жүктеген болатын.