Аружан Саин екі жыл бойы той өткізуге тыйым салуды ұсынды

0
793


Аружан Саин екі жыл бойы той өткізуге тыйым салуды ұсынды

ERNUR.KZ. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Милосердие" қоғамдық қорының жетекшісі Аружан Саин тойға екі жылға тыйым салуды ұсынды, деп жазады Stan.kz.

"Әлемдік пандемияға байланысты, жағдай бір жылға емес, ДДСҰ-ның болжамынша, ол 22 жылға дейін созылады, көптеген ғалымдар да солай есептейді. Адамдар жаппай ауырса, ешқандай денсаулық сақтау жүйесі жүктемеге төтеп бермейді. Егер үйлену тойларынан, мерейтойлардан және еске алу астарынан кейін қызметкерлер жұмысқа келетін болса, онда ешкім сақтана алмайды. Әсіресе, балабақшалардағы балалар мен мектептердегі оқушылар. Иә, балалар оңай өткереді, бірақ бұл коронавирустың салдары қандай болатынын ешкім білмейді, балалар COVID-19-ды өткереді ғой, алайда ересек туыстарына, ата-әжелеріне жұқтыруы мүмкін", - деді Аружан Саин.

Сонымен қатар, Саин адамдар іс-шараларға несие алады, ал қазір экономикалық дағдарыс кезінде пандемияға байланысты олардың көбі берешегін қайтара алмайтынын атап өтті.

Бұған дейін қазақстандық оқытушы тойға 5 жылдық мораторий жариялауды ұсынғаны хабарланды.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір той тойлайтын уақыт емес екенін айтты.