Арыста тағы да жарылыс: 10 сапер жараланды

0
399

Жарылыс Арыс қаласынан 60 шақырым жерде орын алған.


Арыста тағы да жарылыс: 10 сапер жараланды

21 қыркүйекте арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дәрінің фрагменті өздігінен жарылды. Жарылыс салдарынан келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарақатын алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылды. Оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство мәліметінде.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет