Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі сотқа түсті

0
508

Мұхамедиұлы халықаралық көрме өткізу үшін бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді.


Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі сотқа түсті

ERNUR.KZ. Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық іс "Байқоңыр" аудандық №2 сотқа түсті деп жазады Stan.kz

Мұхамедиұлы халықаралық көрме өткізу үшін бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді.

"Бұл іс бойынша басты сот отырысы 2023 жылдың 17 сәуірінде сағат 10:00-де ашық форматта өтеді", – делінген хабарламада.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 миллиард теңге.